Ақтөбеде жас жұбайлар дауыс берді

Ақтөбеде жас жұбайлар дауыс берді
09.06.2019 Жалпы

Ақтөбе қаласындағы №62 сайлау учаскесінде жас жұбайлар дауыс берді. Самат Сағындықов пен Алина Айтуғанқызы Тургенев көшесіндегі Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ оқу корпусында орналасқан №62 сайлау учаскесіне келіп, даусын беріп, өз таңдауын жасады.

Олар сайлау күні отбасын құрғандарына ерекше қуанышты.

Самат пен Алинаның айтуынша, бұл күннің олар үшін орны ерекше.

" Жас отбасы ретінде еліміздің болашағы үшін дауыс бергенімізге қуаныштымыз", - дейді жас жұбайлар.

Айта кету керек, №62 сайлау учаскесінде 2464 сайлаушы тіркелген, қазірдің өзінде басым көпшілігі өзі таңдаған кандидаттарға дауыс берген.