Ақтөбеде жалпықалалық сенбіліктер өтуде

Ақтөбеде жалпықалалық сенбіліктер өтуде
18.05.2019 Жалпы

Жалпықалалық сенбілік - қоғамның назарын  қала көшелерінің тазалығын сақтауға, экологиялық мәдениетті қалып­тастыруда маңызы зор.  Қаламыздың тазалық жағдайы мен көріктенуі, айналамыздың абаттануы мен көгалдануы - әр тұрғынның өз адамдық жауапкершілігін сезінуден басталады!  Бүгін тазарту ісі мен абаттандыруға Ақтөбе қалалық әкімдігінің барлық бөлімдері, мекемелері қызметкерлері белсенді түрде қатысты. Оның ішінде  "Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту" ММКҚ-нің қызметкерлері, "Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" қызметкерлері, мәдениет үйлерінің өнер ұжымдары бір кісідей жұмылып, кезекті сенбілікке атсалысты.