АҚТӨБЕДЕ ВЕЛОЖОЛДАР МЕН ВЕЛОТҰРАҚТАР ПАЙДА БОЛАДЫ
09.09.2020 Көлік

Ақтөбенің бір топ велосипедшілері қала әкімінен  шаһарымыздың жолдарында жүруге қолайлы жағдай жасап беруді өтінді. 06.09.2020 ж. Ashat Shaharov олармен бірге велосипедпен қала көшелерін жүріп өтіп,вело-қауымдастық мүшелерінің мәселені шешуге қатысты пікірлерін тыңдады.

Ал бүгін қала әкімі вело-белсенділерді,жол полициясы мен жергілікті полиция өкілдерін шақырып,веложолдар және велотұрақтар ұйымдастыру мәселесін талқылады.

"Әуесқой автожүргізушілердің уақыты өтіп,белсенді өмір сүруді қалаған велосипедшілердің мәселесіне мән беретін уақыт жетті. Расында көп адамдар жаяу жүруді қаламай,тіпті есігінің алдындағы дүкеннен нан әкелуге машинамен баратын болды" - дейді қалалық мәслихат депутаты Ю.Гончаров.

Қала әкімінің айтуынша,Ақтөбе жаяу адамға да,мүмкіндігі шектеулі жан үшін де,ведосипедшіге де ыңғайлы болуы тиіс.

"Қаланы сапалы қалыптастыру деген ұғым велокөліктік инфрақұрылымды дамытуды көздейді. Бұл - жалпыәлемдік ұстаным. Қазір Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында веломәдениет жақсы дамып келеді. Біз сіздермен бірге біздің Ақтөбемізде де веломәдениет қалыптастыруымыз керек. Жалпы алғанда,шаһар әр тұрғынға қолжетімді және қолайлы орта болуы керек"- деді А.Шахаров.