АҚТӨБЕДЕ ВЕЛОИНФРАҚҰРЫЛЫМ ДАМИТЫН БОЛАДЫ
07.09.2020 Мәдениет және спорт

Ақтөбенің бір топ велосипедшілері қала әкімінен  шаһарымыздың жолдарында жүруге қолайлы жағдай жасап беруді өтінді. Бүгін Асхат Шахаров олармен бірге велосипедпен қала көшелерін жүріп өтіп,вело-қауымдастық мүшелерінің мәселені шешуге қатысты пікірлерін тыңдады.
Қала әкімінің айтуынша,Ақтөбе жаяу адамға да,арбадағы мүгедек жан үшін де,ведосипедшіге де ыңғайлы болуы тиіс.
"Қала әр тұрғынға қолжетімді және қолайлы орта болуы керек"- деді А.Шахаров.