Ақтөбеде «Үздік жас мұғалім – 2019» анықталды

Ақтөбеде «Үздік жас мұғалім – 2019» анықталды
23.10.2019 Білім

Ақтөбе облысының білім басқармасының қолдауымен, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі және Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен  облысымызда бірінші рет облыс көлемінде   білім беру ұйымдарының арасында «Үздік жас мұғалім – 2019» атты байқауының қорытынды нәтижесі анықталып, байқаудың жеңімпазын және қатысушыларын1марапаттау1рәсімі1өткізілді.
Байқау 2 кезеңнен тұрды:

I кезең – ақпараттық хаттар тарату және өтінімдер жинау арқылы «Үздік жас мұғалім- 2019» атты байқауының қатысушыларын анықтау болды. Байқауға 29 жасқа дейінгі  200 жас мұғалім қатысып, өтінім тапсырған қатысушылар «Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығы»КММ-сіне портфолиоларын тапсырды. Портфолио тапсырған 200 жас мұғалімнің еңбектері мен жетістіктері қаралып,  40 қатысушы ғана іріктеліп алынды.

II кезеңде комиссия отырысы болып, қатысушылардың жұмыс тәжірибесі мен өзінің және шәкірттерінің жетістіктерін бағалау арқылы  10 жас мұғалімді іріктеп алды. Осы іріктеліп алынған 10 қатысушының суреті Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталалығының @aktobejro инстаграм парақшасына жүктелді. Қатысушының жетістіктері арқылы және көрермен дауысының нәтижесі  бойынша  «Үздік жас мұғалім – 2019» атты байқаудың жеңімпаздары анықталды.

Байқаудың мақсаты:  

1) Ұстаздардың шығармашылық дамуына жағдай жасау және қолдау көрсету;

2) Ұстаздардың дарыны мен шеберлігін көрсетуге мүмкіндік жасау;

3) Ұстаздардың ішінен дарындыларын анықтап оларды қаламыздың қоғамдық саяси шараларына тарту.

Аталған байқаудың қорытындысы бойынша, бас жүлде, 1-орын, 2-орын, 3- орынды жеңіп алғандар бағалы сыйлықтармен және ұйымдастырушылар дайындаған сыйлықтармен марапатталды.