Ақтөбеде үш ауысымды мектеп мәселесі шешілуде

Ақтөбеде үш ауысымды мектеп мәселесі шешілуде
19.11.2018 Білім

Елбасының Жолдауында айтылғанындай, Ақтөбе қаласында үш ауысымды мектептер мәселесі шешілуде. №29 ОМ КММ жанында жалғастыра салынған ғимарат да осы мақсатты көздейді.

Бүгін, 2018 жылы  19 қарашада сағат 16.00-де №29 ОМ КММ жанында жалғастыра салынған ғимаратқа Ақтөбе облысының әкімі Б.М.Сапарбаев, қала әкімі І.С.Испанов пен облыс, қаланың қоғамдық кеңесінің мүшелері, білім саласының ардагерлерінің қатысуымен шара өтеді.

«Әуеқалашық» кварталында тұрғызылған  құрылысты  ЖШС «КазПромСтройГрупп» жүзеге асырды. Жұмыстың көлемі - 190806,2 млн. теңгені құрайды.

Мерекелік шараға қатысушылар мектеп ғимаратын аралап, танысады.

Экскурсия барысында шараға қатысушылар құрылыстың жоғары сапасын, ыңғайлы орналасуын және жаңа асхананың аспаздық шеберханасының заманауи жабдықтарын көреді. Сонымен қатар, қонақтар мектеп жанындағы құрылыстың ашылуы тек мектеп оқушылары үшін ғана емес, сол аумақтағы тұрғындар үшін де маңызды.

№29 ОМ КММ жалғастыра салынған ғимарат оқушылардың сұранысын қанағаттандыратын демалыс, мәдени және спорттық орындармен қамтамасыз етілген. 4 оқу кабинетімен жабдықталған екі ауысымда жұмыс істейтін болады. Ғимаратта балалардың шығармашылығын дамытуға арналған кабинеттер,  дене шынықтыру залы,  92 балаға арналған асхана бар.

Мектеп жанынан ғимарат салу – үш ауысымды жоюға мүмкіндік береді. Қазіргі күні қаламызда үш ауысыммен оқытылатын 7 мектеп(№29 ОМ қосқанда) бар. Қалған 6 мектептің мәселесі келесі жылы түбегейлі осындай қосымша ғимараттар салу арқылы шешілетін болады. Биыл қалада 10 мектеп салынды, олардың 5-еуі пайдалануға берілді, біреуі жыл соңына дейін беріледі, қалған 4-еуі келесі жылы ашылады.