Ақтөбеде тұрғындар экосенбілік акциясына қатысты

Ақтөбеде тұрғындар экосенбілік акциясына қатысты
14.04.2019 Қоғам

Еліміздегі ірі агломерация орталықтарының бірі ретінде қүтты мекен - Ақтөбе күннен күнге ұлғайып, қарыштап дамып келеді. Миллион тұрғыны бар қалаға айналу жолында көптеген жұмыстар жасалу үстінде. Ақтөбенің 150 жылдығына орай қала тұрғындары да экосенбіліктерге атсалысуда. Бүгінгі экосенбілік акциясына тұрғындармен бірге қала әкімі Испанов Ілияс Сапарбекұлы, қала әкімінің орынбасарлары Ұшқын Мыңбаев, Ыбрайм Көзбаев, Айгүл Арынғазиева, депутаттар, кәсіпкерлер, белсенді жастар Сазды өзенінің бойына тал көшеттерін отырғызу шарасына қатысты.