Ақтөбеде «Тәуелсіздік - рухани жаңғыру кепілі» атты салтанатты мерекелік іс-шара өтті

В Актобе прошло праздничное мероприятие «Тәуелсіздік рухани жаңғыру кепілі»
18.12.2017 Қоғам

Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған «Тәуелсіздік - рухани жаңғыру кепілі» атты салтанатты мерекелік бағдарлама өтті. 

1

 

Шара басталғанға дейін фойеде эстрадалық үрмелі аспаптар оркестрі музыка ойнады, «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым-Желтоқсан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мерекелік бағдарлама «Сұңқар» «халықтық» вокалдық ансамблінің орындауында «Желтоқсан» әнімен, «Халықтық Ұжым» «Әлия Гүлі» қазақ ансамблінің театрландырылған хореографиялық композициясымен басталды.
Бұл уақытта Лэд-экранда желтоқсан оқиғалары туралы бейне-қойылымдары көрсетілді. 
Салтанатты шараға еңбек ардагерлері, қаланың құрметті азаматтары, қалалық мәслихат депутаттары, қаланың Қоғамдық Кеңесі, мемлекеттік мекемелер, құқық қорғау органдары, коммуналдық, құрылыс мекемелерінің басшылары, саяси партиялар, ҰЕҰ, жастар ұйымдарының өкілдері, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау саласының өкілдері қатысты.
Ақтөбе Қаласының әкімі Ілияс Испанов Тәуелсіздіктің 26-жылдығымен құттықтап, қала әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан 38 ақтөбеліктерге Алғыс хаттарды тапсырды. 

Марапатталғандардың арасында «№13 басқарушы компания» ЖШС, учаске шебері Бокаева Бибата, Халықтық» «Сұңқар» вокалды ансамблінің көркемдік жетекшісі Медетова Ләззат, Ақтөбе қаласы Ішкі істер басқармасы жол-патрульдік полициясы батальонының бөлімше командирі полиция старшинасы Дәулет Суғат, жүзуден ҚР спорт шебері Назарова Диана, «Ерхат Жолдары» ЖШС директоры Ермуханов Мұхтар, «Дорожник» ЖШС, директор Кәрімбаев Сәкен, заместитель директора ТОО «Табыс Актобе» Лисицкий Александр, № 16 басқарушы компаниясының басшысы Даулетов Өмірбек, Умержанов Алихан «Трансэнерго» АҚ жүргізуші және т.б. 

 

2

 

3

 

Қала әкімі Ілияс Испанов және қала маслихат хатшысы Сулупан Шынтасова оларды салтанатты түрде құттықтап, куәлік және «Ақтөбе қаласының Құрметті азаматы» кеуде белгілері табыс етілді. 

 

4

 

Мерекелік салтанатты шарада қаламыздағы шығармашылық ұжымдар өнерлерін көрсетті.