Ақтөбеде талантты жастардың арасында “Тілдарын” қалалық олимпиадасы өткізілді

Ақтөбеде талантты жастардың арасында “Тілдарын” қалалық олимпиадасы өткізілді
16.05.2019 Жалпы

Ақтөбе қаласының әкімдігі мен «Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ  Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойы мен жастар жылына орай ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі» қалалық тіл фестивалінің аясында 2019 жылғы 16 мамырда Бәйішев Университеті мекемесінің мәжіліс залында «Тілдарын» үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) меңгерген қала жастарының арасында қалалық олимпиада  өтті.

Олимпиаданың мақсаты-үш тілді қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу.

Олимпиада нәтижесінде ІІ-орын Ақтөбе гуманитарлық колледжінің ІІ курс студенті Онбай Альбинаның еншісіне тисе, ІІІ-орын №60 жалпы білім беретін орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Абдуахитова Дамираға бұйырды. Жеңімпаздар қала әкімінің атынан дипломдармен және сертификаттармен марапатталды. Қалған барлық қатысушыларға Алғыс хаттар  табысталды.