Ақтөбеде шекарашыларға арналған ескерткіш ашылды

Ақтөбеде шекарашыларға арналған ескерткіш ашылды
11.05.2019 Жалпы

ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің шекара қызметі  - еліміздің теңіздегі және құрылықтағы шекарасының  қауіпісіздігін, тұтастығын қырағылықпен күзететін шекарашылар екені белгілі.Олардың арасында халықтың қамын жеп, ертеңіне алаңдаған абзал азаматтар аз болған жоқ.  Осыған орай, Т. Ахтанов көшесіндегі 2030 әскери бөлімінің жанында "Барлық ұрпақ шекарашылары" ескерткіші ашылды. Қала әкімі І.Испанов шараға қатысушыларды құттықтап, адал қызмет атқарған қызметкерлерге Алғыс хаттар мен арнайы төсбелгілер табыстады.