Ақтөбеде «Әр сәбиге – бір ағаш» атты акциясы басталды

Ақтөбеде  «Әр сәбиге – бір ағаш» атты  акциясы  басталды
15.05.2018 Жалпы

Ағымдағы 2018 жыл Ақтөбе облысының әкімі Сапарбаев Бердібек Машбекұлының бастамасымен «Сәби жылы» деп жарияланды. Осыған орай, қала әкімі И.Испановтың атынан осы жылы дүниеге келген сәбилердің ата-аналарына  туу туралы құттықтау сертификаттарын ұсыну ұйымдастырылды. 2017 жылы Ақтөбе қаласында 12 514 баланың тууы тіркелсе, 2018 жылдың басынан бастап осы күнге дейін 4170 баланың тууы тіркелді. 

2018 жылдың 15 мамырында Халықаралық отбасы күні, Ақтөбе қаласының АХАТ бөлімімен Ақтөбе қалалық  перзентханаларында: Ақтөбе медициналық орталығына, Қарғалы қалалық ауруханасында, Облыстық перинаталдық орталығында  жаңа туылған сәбилердің ата-аналарына қала әкімі И.С.Испановтың атынан туу туралы құттықтау сертификаттарын табыс етілді.  

Туу туралы сертификаттар табыс етілгеннен кейін,   «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұымдастырғалы отырған жаңа туылған сәбилердің құрметіне ағаш отырғызу «Әр сәбиге – бір ағаш» атты  акциясы бастамасын табады. Жаңа туылған сәбилердің құрметіне ағаш отырғызу ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябағында арнайы «сәбилер аллеясы» үшін  бөлінген жерде өткізілді. Әр ағаш ата-анамен сәбиінің аты-жөні жазылатын атаулы белгісімен болады. Жаңа туылған сәбилердің құрметіне ағаш отырғызу – қаламыздың көгалдануын, салауатты өмір салтын қамтамасыз ететін өмірлік жетістік пен  үздіксіз өсудің символы.  Жылдар өте келе, сәбидің отбасының есіне  міндетті түрде «Бұл ағашты біз ұлымыздың /қызымыздың/ құрметіне отырғыздық» деген ой  келеді, және бұл сол отбасының  маңызды да қуанышты  оқиғасын еске салатын   жылы лебізді естелік болып қалады.