Ақтөбеде “Отбасын сақтау орталығы» ашылды

Ақтөбеде “Отбасын сақтау орталығы» ашылды
15.05.2019 Жалпы

Қоғамда отбасы-неке заңнамасына байланысты азаматтық істердің өсуі байқалады, олар: некені бұзу, мүлікті бөлу, алименттерді өндіріп алу және т.б. сияқты істер санаттарын қамтиды.

Неке бұзу үдерістерінің ұлғаюын ескере отырып, Елбасы Н.А.Назарбаев жыл сайын өз Жолдауларында қазақстандық қоғамның рухани – адамгершілік жағдайын нығайтуға назар аударды. Елімізде отбасына қамқорлық жасауға, бала туудың өсуіне, ана мен баланы қолдауға бағытталған мемлекеттік отбасы саясатының тұтас жүйесі құрылған.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты 2018 жылдың қыркүйек айында «отбасылық сот» пилоттық жобасын іске қосты.

Аталған жобаны жүзеге асыру аясында Ақтөбе қалалық сотының бастамасымен Ақтөбе қаласы әкімдігінің қолдауымен бүгінә, 15-мамырда “Анаға тағзым» ғимаратында «Отбасын сақтау орталығы» ашылды, ол ерлі-зайыптылар арасындағы дауларды (жанжалдарды) реттеуге, отбасылық қатынастарды сауықтыруға, кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қорғауға ықпал етеді.
Орталықты ашу мақсаты -мемлекеттік отбасы саясатын дамыту, отбасы өмірінің құндылықтарын насихаттау және ыдырау кезеңіндегі отбасына алғашқы психологиялық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың міндеті, бұл - ерлі-зайыптылар арасындағы жанжалдарды шешу кезінде барынша көмек көрсету, ата-ана міндеттерін тиісінше орындау мәселелері бойынша отбасылармен жұмыстың алдын алу, рухани-адамгершілік тәрбие бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ мамандарды тарта отырып медиативтік (партисипативтік) келісім жасасу жолымен отбасы-неке қатынастары дауларын реттеу бойынша бітімгерлік рәсімдерді жүргізу.  

Орталық жұмысының тиімділігі неке бұзу үдерістерінің төмендеуіне, отбасын сақтауға, ең бастысы кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғауға және толыққанды отбасында тәрбиеленуге мүмкіндік беруге ықпал етеді.

Егер статистикаға жүгінсек, 2018 жылдың 4 айында некені бұзу туралы 1 002 талап арыз келіп түсті, оның ішінде 442 іс шешім шығарумен, 254 іс татуласуға байланысты тоқтатылды, бұл істердің барлық санының 25% - дан астамын құрады.

2019 жылдың 4 айында 1264 талап арыз келіп түсті, оның ішінде 403 іс шешім шығарумен және 518 іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды, бұл барлық істердің 41% құрайды.

Статистикалық деректер татуластыру рәсімін дамытудың тиімділігі және отбасын сақтау орталығының жұмысын жандандыру қажеттілігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.