Ақтөбеде «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының кезектен тыс XXIX конференциясы өткізілді

Ақтөбеде «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының кезектен тыс XXIX конференциясы өткізілді
12.04.2019 Жалпы

2019 жылғы 12 сәуірінде  Ақтөбе қаласының әкімі, партияның қалалық филиалы төрағасы Ілияс Испановтың төрағалығымен партияның Ақтөбе қалалық филиалының кезектен тыс XXIX конференциясы өткізілді. Оған қалалық мәслиxаттың xатшысы Сұлупан Шынтасова, 37 бастауыш партия ұйымдарынан сайланған 80 делегат қатысты.

Күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:

-Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың партияның кезекті XVIII Съезінде берген тапсырмаларын –«Халыққа көмек», «Бақытты отбасы», «Ауыл - ел бесігі», «Құтты мекен» ұлттық жобаларын іске асыру барысы туралы;

-«Nur Otan» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының конференциясына делегаттарды сайлау.

Айта кету керек, облыста 44 мыңнан астам нұротандықтарды біріктіріп отырған 251 БПҰ бар (оның 37 қалада).

Ақтөбе қалалық филиал төрағасы, қала әкімі Ілияс Сапарбекұлы өз сөзінде алдағы мақсат-міндеттер жайында айтты.

“2019 жылғы 27 ақпандағы «NurOtan» партиясының XVIII съезінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.А.Назарбаев азаматтардың әл-ауқатының деңгейін жақсарту, олардың табысы мен өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі ауқымды бастамалар туралы сөз сөйледі, ол таяу жылдарға арналған үкіметтің әлеуметтік саясатының үш негізгі бағытын айқындады. Олар:

1. Халықтың табысы аз топтарын қолдау және кірістерді арттыру;

2. Табысы төмен азаматтардың тұрғын үй мәселелерін шешу және білім беру мен денсаулық сақтау салаларын жақсарту;

3. Өмір сапасын жақсартуға бағытталған өңірлік саясатты іске асыру.

«Nur Otan» партиясының Съезінде берілген тапсырмалар Елбасының қоғамның сұраныстары мен қазақстандықтардың үміттерін әрдайым толық сезінетінін көрсетеді.

Нұрсұлтан Әбішұлы «әрбір қазақстандық отбасы алыс болашақта емес, бүгінгі күні жүргізілген реформалардың нәтижелерін сезінуі тиіс» - деп атап өтті” - деді қала басшысы.