Ақтөбеде нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы жүзеге асырылуда

Ақтөбеде нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы жүзеге асырылуда
29.05.2018 Әлеуметтік сала және жұмыспен қамту

Ақтөбе қаласы бойынша «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2020 жылдар бағдарламасы» аясында қысқа мерзімді қайта даярлау курстарына 761 адамды оқыту жоспарланды. Қазіргі таңда, еңбек нарығында сұранысқа ие:  тігінші, шаштараз, аспазшы, кондитер, электрик, газоэлектродәнекерлеуші және массажшы мамандықтары бойынша Орталық арқылы 476 адам қаламыздың       

7 арнаулы-орта оқу орындарына және 5 кәсіпорын жанындағы оқыту орталықтарына оқуға бағытталды. Қазіргі таңда, 234 адам оқуды тәмәмдап, 102 адам тұрақты жұмыс орнына  орналастырылды.

Бүгінгі күні, яғни 29 мамырда «Азайа» ЖШС жанындағы оқыту орталығы базасында «тігінші», «пішуші» мамандығы бойынша қайта даярлаудан 29 әйел оқуды аяқтады. Бүгін, оқуды және өндірістік тәжірибені сәтті аяқтаған 27  әйел, соның ішінде 4 тігінші аталған оқыту орталығының тігін цехында, 13 адам Ақтөбе Сити тұрғындар қалашығында орналасқан «Медина» ЖШС-не, 2 адам ИП«Данагулова», ателье «Шарм» жеке кәсіпкерлігіне тұрақты жұмысқа орналасатын болса, 6 адам өздерінің жеке кәсіпкерліктерін ашуды жоспарлап отыр.