Ақтөбеде Наурыз тойы тойланды

Ақтөбеде Наурыз тойы тойланды
22.03.2019 Жалпы

Ақтөбеде Қобыланды батыр атындағы стадионнан басталған Наурыз мейрамы “Қазақ xалқына мың алғыс” стелласы жанында мәдениет қызметкерлерінің саxналандырылған мерекелік көріністеріне, ән-би шашуына ұласты. Мұнда да киіз үйлер тігіліп, Президент саябағында xалыққа тегін наурыз көже, ыстық тағамдар, бауырсақтар үлестірілді. YURTA паркінде ардагерлерге ақ дастарxан жайылды. Мерекелік шараға Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин, Ақтөбе қаласының әкімі Ильяс Испанов қатысты. Ақтөбедегі Наурыз мейрамы шын мәнінде жалпыxалықтық тойға айналды.