Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі жандардың аймақтық фестивалі өтті

Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі жандардың аймақтық фестивалі өтті
18.10.2019 Жалпы

«Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің қолдауымен «Қалалық Қазақ саңыраулар қоғамы мәдениет Үйі» КММ-нің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының мүгедектер күніне орай Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналған есту мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы ХV Аймақтық фестивалін өткізді.

Фестивальдің негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қолдау,  жастарды өнерге баулу, көркемөнерпаз шығармашылығымен айналысуға тарту және Батыс Қазақстан облысы мен Ресей Федерациясының шығармашылық ұжымдары арасында өзара тәжірибе алмасу. Аталмыш шараға Батыс Қазақстан облысының Атырау, Ақтау, Орал, Ақтөбе және Ресей Федерациясының Орынбор қаласының есту мүмкіндігі шектеулі болса да, ойлы, өнерлі, талантты жандар қатысты. Олар  хореография, ым-ишарат тілінде ән айту, пантомимо және клоунада секілді жанрлар бойынша тамаша өнер көрсетті.

17-қазанда баспасөз конференциясы өткізілді, 18-қазанда Батыс Қазақстан облысы бойынша "Қазақ саңыраулар қоғамы" ҚБ  төрайымдарының Ақтөбе қаласы әкімімен кездесуі, фестиваль қатысушыларына «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік кешеніне және облыстық тарихи-өлкетану музейіне экскурсиясы ұйымдастырылды.Фестивальдің салтанатты ашылуы және марапаттау рәсімі 18-қазанда Қалалық мәдениет Үйінің концерттік залында өткізілді.