Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі жандар бас қосатын Coworking болады

Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі жандар бас қосатын Coworking болады
31.01.2019 Жалпы

Ағымдағы жылы 31 қаңтарда «Өнер орталығының» мәжіліс залында «Жастар жылы» аясында «Алаш» МҚБ ұйымдастырумен, қалалық әкімдіктің қолдауымен «Менің арманым мен құқығым» атты шара өткізілді. Оған Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов, қалалық мәслихаттың хатшысы Сұлупан Шынтасова, білім, әлеуметтік қорғау органдары және Әділет департаментінің заңгерлері, мүмкіндігі шектеулі жандар, қоғам белсенділері қатысты.

Жиынның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандарға жан-жақты қолдау көрсету арқылы қоғамдық ортаға бейімдеу. Сонымен бірге жұмысқа қабілетті мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жұмысқа орналастыру, қысқа мерзімді курстарға бағыттау мүмкіндігін және білім алуға қабілетті жастарға болашақта мамандық алу мүмкіндігін қарастыру.

Шара соңында Ақтөбе қаласының әкімі І.Испановтың және қалалық мәслихат хатшысы С.Шынтасованың ұсынысымен Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай сый ретінде Астана ауданының әкімі Б.Тлегенов мүмкіндігі шектеулі жандар бас қосып, жиналатын Coworking-коворкинг орталығы болатынын хабарлады.