Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі балалардың аналарын құттықтады

Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі балалардың аналарын құттықтады
05.03.2019 Жалпы

8 наурыз–Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында "150 игі іс" жобасын іске асыру мақсатында Астана ауданы әкімдігінің ұйымдастыруыментағы бір мерекелік кеш өткізілді. Бұл мерекелік шараның ерекшелігі – ерекше күтуді, баптауды қажет ететін  балаларды тәрбиелеп, олардың бойындағы намыс пен жігерді өшірмей, адамгершілікке баулып,өсіріп отырған «Алаш" мүгедектер қоғамы мүшелерінің аналарына арналды.

Бұл шараға тікелей қолғабыс көрсеткендер қатарында Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы Сұлупан Шынтасова бастаған қалалық мәслихат депутаттары және қоғамдық кеңес мүшелері бар, олар ерекше балалардың аналарына өз сыйлықтарын ұсынды. Сондай-ақ шараға «НұрОтан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары— Дариға Исмағамбетова қатысып, аналарға жақсы тілектерін жеткізді.

Мерекелік кеште құлақ құрышын қандырар сазды әуендер мен күйлер, мың бұралған биімен "Қазанғап" өнер мектебінің өнерпаздары кеш қонақтарының көңілінен шығып, алғысына бөленді. "Нази" гүл салоны аналарға әдемі гүл шоқтарын ұсынды.