Ақтөбеде “Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының І-ші қалалық кезеңінде іріктелген байқау жеңімпаздары мен қатысушыларын салтанатты марапаттау рәсімі өткізілді

Ақтөбеде “Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының І-ші қалалық кезеңінде іріктелген байқау жеңімпаздары мен қатысушыларын салтанатты марапаттау рәсімі өткізілді
15.05.2019 Жалпы

Бүгін, Ақтөбе қаласының әкімі І.Испановтың қатысуымен «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының І-ші қалалық кезеңінде іріктелген байқау жеңімпаздары мен қатысушыларын салтанатты марапаттау рәсімі өткізілді.

«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауы адамгершілік құндылықтарды жаңғырту, неке мен отбасы келбетінің оң үлгісін насихаттау және отбасының мәртебесін көтеру мақсатында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілді.

Аталған конкурсқа қатысуға барлығы 22 отбасы тілек білдіріп, конкурс талаптарына сәйкес келген 11 отбасы сайысқа жіберілген болатын.  

Ұлттық байқауға қатысушылардың барлығы отбасылық дәстүрлерін сақтап, еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктерін паш етіп көрсете алғандар қатарында.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қалалық деңгейдегі іріктеуінде жоғары нәтиже көрсеткен 4 отбасы облыстық деңгейдегі іріктеуге жолдама алады.

Байқау жеңімпаздарына Ақтөбе қаласы әкімінің дипломдары мен алғыс хаттары, сонымен қатар естелік сыйлықтар табысталды.

Байқау нәтижесі бойынша Бас жүлде Бисенғалиевтер отбасының қанжығасына байланды. 1-2-3 орындарды Қартбаевтар, Омаровтар, Әбілдаевтар отбасы өзара бөлісті.