Ақтөбеде “Менің әкем” байқауының жеңімпаздары марапатталды

Ақтөбеде “Менің әкем” байқауының жеңімпаздары марапатталды
19.05.2019 Жалпы

Қоғам белсендісі, журналист Жаңалық Ахаштың ұйымдастыруымен және Ақтөбе қалалық әкімдігінің қолдауымен дәстүрге айналған "Менің әкем" байқауының марапаттау кеші болып өтті. Шарада облыс әкімінің орынбасары Тоқжанов Марат Лұқпанұлы сөз алып, елдіктің тірегі - әкелерімізді жеңістерімен құттықтап, белсенділік танытқаны үшін алғыс білдірді. Байқауға қатысушыларды "Мұғалім ағай", "Ханшайымдар әкесі", "Мейірімді әке", "Қамқор әке", "Батыр әке" атты номинациялар бойынша қала әкімі орынбасары А.Арынғазиева т.б қоғам белсенділері  марапаттады. Бас жүлде иесі - 14 баланың әкесі Қошаманов Есқуат 100 мың теңгемен марапатталды! Құттықтаймыз!🌹🎉🎈