Ақтөбеде мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізілді

Ақтөбеде мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізілді
15.03.2019 Мемлекеттік қызметтер

Бүгін, 2019 жылдың 15 наурызында Ақтөбе қаласындағы «Халықтық кеңсе» мемлекеттік қызмет көрсету орталығында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өтті. Аталған шараны Ақтөбе қаласы әкімдігі мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті ұйымдастырды.

Жәрмеңкеде тұрғындар мемлекеттік қызмет көрсетудің ең үлкен сұранысқа ие салалары, атап айтқанда: жер қатынастары, сәулет, білім, әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту, тұрғын үй қатынастары, азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі, сонымен бірге «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалдары өкілдері, Ақтөбе қаласы мемлекеттік кірістер басқармасы өкілдері және денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінен қажетті консультативтік-әдістемелік көмек алды.

Сонымен қатар, аталған шараны өткізу барысында қызмет берушілермен қызметтерді алу процедуралары жөнінде түрлі ақпараттық жадынамаларды, брошюраларды, буклеттерді және кіші баннерларға қажетті ақпараттарды орналастыру арқылы өз қызметтерін ұсынылды. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері келушілерге электрондық цифрлық қолтаңба көмегімен мемлекеттік қызметтерді кез келген уақытта компьютер, планшет, мобильді құрылғылар арқылы қалай алуға болатындығын түсіндірді.