Ақтөбеде әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу бойынша үшжақты комиссияның отырысы өтті

Ақтөбеде әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу бойынша үшжақты комиссияның отырысы өтті
10.10.2019 Мемлекеттік басқарма

Бүгін 10-қазанда Ақтөбе қаласы әкімдігі ғимаратында Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары А.Арынғазиеваның төрағалығымен Әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін қалалық үшжақты комиссияның отырысы өткізілді.Оған Ақтөбе облыстық Еңбек инспекциясы бойынша басқарма басшысының орынбасары Б. Оразаев, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы М. Тұрмағамбетова және қала кәсіпорындары мен мекемелерінен өкілдер қатысты.