Ақтөбеде қызметалушыларға арналған front-office және оpen space стиліндегі кабинет іске қосылды

Ақтөбеде қызметалушыларға арналған front-office және оpen space стиліндегі кабинет іске қосылды
08.02.2019 Мемлекеттік басқарма

Ақтөбе қаласының «Алматы» аудандық әкімдігінде front-office және оpen space стиліндегі кабинеті іске қосылды. 

Ол азаматтар үшін барынша қолайлы жағдай тудырып, мемлекеттік органның жұмыс үрдісін оңтайландыруға алып келеді деп күтілуде.

Бұдан былай қызметалушыларға басқа мекемелерге барып, кабинеттерді аралаудың қажеті жоқ.

Әкімдіктің бірінші қабатында жайғасқан front-office-те әкімдік, «Ақбұлақ» АҚ, «Тұрғын үй жинақ банкі», Халыққа қызмет көрсету орталығы, Қазпошта, жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру, баспанамен қамтамасыз ету бөлімдерінің, сондай-ақ жобалау мекемелерінің мамандары қызмет көрсетеді. 
Аталған жаңашылдықтар "Ақтөбе-алаңдық алаңы" жобасы аясында қолға алынуда.

Сондай-ақ мұнда қаланың басқа бөлігінде орналасқан қалалық әкімдігінің кеңсесі ашылды. Ұйымдастырушылар, азаматтарға әкімдікке бармай-ақ арыз бен шағым беру мүмкіндігін қарастырған.

Сонымен қатар, әкімдікте қабырғасы шынымен қапталған "Aqtóbe-adaldyq alańy" азаматтарды қабылдау кабинеті іске қосылды.

«Мұндай жоба облыста екінші рет ашылуда. Бұған дейін «Ақтөбе-адалдық алаңы» жобасы аясында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Алға ауданында аштық. Одан бөлек, біз әлеуметтік сала мекемелері мен өңіріміздегі мектептер мен денсаулық сақтау мекемелерінде ашуды және басшыларды бірінші қабатқа, яғни кедергісіз кабинеттерге түсіруді жоспарлап отырмыз», - деді «Ақтөбе-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі басшысының орынбасары Ақансері Сұлтанбеков.

Оpen space стиліндегі жаңадан ашылған кабинетте алғашқы болып азаматтарды "Алматы" ауданының әкімі Алмаз Әлімбаев қабылдады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта ұсынылатын қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында фронт-офисті WI-FI желісіне қосу жоспарлануда.