Ақтөбеде қылмыстың алдын-алу мәселесі бойынша отырыс өтті

Ақтөбеде қылмыстың алдын-алу мәселесі бойынша отырыс өтті
08.02.2019 Мемлекеттік басқарма

2019 жылғы 8 ақпанда қала әкімдігінің ғимаратында Ақтөбе қаласы бойынша құқық бұзушылық алдын алу мақсатында кәсіпкерлік субьектілеріне жүргізілген жұмыс тобының түсіндіру жұмыстарының нәтижелері бойынша жиналыс өтті.

Қала әкімінің бірінші орынбасары Ұшқын Мыңбаевтың төрағалығымен өткен жиналыс отырысында келесі сұрақтар қаралды:

- қазіргі кезде құқық бұзушылықтары жие болатын қаламыздың көңіл көтеру орындарын туралы  (кафе, бар, ресторан, т.б.) және оның алдын алу мақсатында жүргізілген жұмыстары туралы.

Баяндаманы Ақтөбе қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары ОрналыАбдығали жасады.Сондай-ақ, Ақтөбе қаласының төтенше жағдайлар басқармасының және де Ақтөбе қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері сөз сөйледі.

Күн тәртібінде  бекітілген сұрақтарды қарауды қорытындылай келе, қала әкімінің бірінші орынбасары жиналысқа шақырылған тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.