Ақтөбеде Коворкинг орталығы ашылды

Ақтөбеде Коворкинг орталығы ашылды
09.02.2019 Жалпы

Ақтөбе қаласының 150 мерейтойы аясында “Ақтөбеге сыйлық” жобасы жүзеге асып жатқаны мәлім. Бүгін Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың тапсырмасына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслиxатының xатшысы Сұлупан Шынтасованың қолдауымен “Астана” ауданы ғимаратында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Коворкинг орталығы ашылды.Бұл орталықта олар қалаған уақытта бас қосып, әртүрлі шаралар ұйымдастыра алады. Коворкингте түрлі тренингтер мен семинарлар  ұйымдастырылатын болады. Мұнда кітапxана, ғаламтормен жабдықталған компьютерлер, адамды жігерлендіретін роликтерді, патриоттық фильмдерді көрсететін проекторлар бар, сондай-ақ арнайы демалыс орны жасақталған,онда тоғызқұмалақ, шаxмат ойнап, караокемен, домбырамен, гитарамен ән салуға болады.

Мүмкіндігі шектеулі жандар осындай мүмкіндік тудырғаны үшін қала басшылығына алғыс айтты.