Ақтөбеде көшелер, ескерткіштер маңын абаттандыруға қатысты көшпелі мәжіліс өткізілді

Ақтөбеде көшелер, ескерткіштер маңын абаттандыруға қатысты көшпелі мәжіліс өткізілді
14.04.2019 Мемлекеттік басқарма

Бүгін қала әкімі Ильяс Испановтың қатысуымен Ақтөбе қаласындағы М.Мәметова көшесін абаттандыру мәселесі, Жалаңтөс батырдың ескерткіш айналасын абаттандыру, көгалдандыру, “Шығыс” сауда базарының алды қалай өзгеретіндігі туралы    көшпелі мәжіліс өткізілді. Сонымен катар “Мерей” сауда үйінің құрылыс макетімен танысып, оның; көгалдандыру жұмысы,  жаңа жолы, автотұрақ мәселесін талқылады.

Қала басшысы жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.