Ақтөбеде командаларды жасақтау бойынша 2020 жылғы көктемгі әскерге шақыру жұмыстары жүргізілуде
18.05.2020 Жалпы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі №312 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2020 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» ҚР Презиедентінің 2020 жылғы 12 ақпандағы №266 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Жарлығына және Ақтөбе қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес 2020 жылдың 11 мамырынан бастап «Ақтөбе қаласының Астана және Алматы аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріккен басқармасымен» РММ көктемгі әскери қызметке шақыру жұмыстары жүргізілуде.

Көктемгі әскерге шақыру жұмыстары төтенше жағдай режимі алынғаннан кейін басталып 31 тамызға дейін жалғасады.

Шұғыл әскери қызметінің шақырылуына он сегіз бен жиырма жеті жас аралығындағы азаматтар жарамды.

Әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтар жергілікті әскери басқару органының шақыру қағазы бойынша шақыру комиссиясына келуге міндетті.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 387 бабына сәйкес Әскери қызметтен босатуға заңды негiздер болмаған кезде осы қызметке шақырылудан жалтару – бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айырумен жазаланады.

Ескерту: шақырылушының ісі сот үкіміне қаралуға жіберуден бұрын шақырылушы шақыру пунктіне өз еркімен келген жағдайда жазалаудан босатылады.