Ақтөбеде «Қамқоршылар күні» атап өтілді

Ақтөбеде «Қамқоршылар күні» атап өтілді
29.10.2019 Мемлекеттік қызметтер

2019 жылғы 29-қазанда«Анаға тағзым» рухани-адамгершілік орталығында Ақтөбе қаласы «Астана» ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен және Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиеваның, аудан әкімі Бағжан Тілегеновтің қатысуымен «Қамқоршылар күніне» үздік 20 қамқоршыны алғыс  хаттармен марапаттау рәсімі өткізілді. Сонымен қатар, келген қонақтарға «Қарақат» мектеп-студиясының, №56 орта мектеп оқушыларының  өнерпаздары шағын концерт ұйымдастырды.

Жыл сайын Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен 29 қазан – Қамқоршылар күні мерекесі атап өтіледі. Аталған мерекенің мақсаты – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбилеп жатқан қамқоршыларды, өзгенің қайғысына, өзгенің баласына бей-жайқарамайтын азаматтарды қолдау, отбасыларына бала алуға тілек білдіретін азаматтардың (қамқоршылық, қорғаншылық, бала асырапалу) санын арттыру.

Қазіргі таңда Ақтөбе қаласы «Астана» ауданы бойынша 222 бала есепте тұр. Олардың 129-ы – жетім, 93-і – ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар.