Ақтөбеде қалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді

Ақтөбеде қалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді
15.06.2018 Әлеуметтік сала және жұмыспен қамту

Бүгін «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бесінші кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді. 

Аталған іс-шара мақсаты - жұмыссыз, өзін-өзі қамтушы және аз қамтылған отбасылардың еңбекке қабілетті мүшелерін еңбекпен қамтудың белсенді шараларына тарту. 

Қала тұрғындары арасында Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жоғары және арнаулы-орта оқу орындары түлектеріне мамандықтары бойынша еңбек өтілін жинақтау мақсатында жастар тәжірибесі ұсынылды.

Сонымен қатар, «Zhas Project» жастар корпусын дамыту жобасы бойынша 1 000 000 теңге грантқа ие болу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне 29 мекеме құрылыс, сауда, аспазшы, денсаулық сақтау және қызмет көрсету салалары бойынша 599 жұмыс орны ұсынылды. 

Алғаш рет жәрмеңкеге Атырау қаласының «Capital Complex Catering» ЖШС қатысып, әйел адамдарға 198 бос жұмыс орындарын ұсынды (асхана меңгерушісі, даяшы, қызметші, аспазшы, аспазшы көмекшісі және т.б.).

Жәрмеңкеге 132 жұмыссыз азамат жолықты, жәрмеңке барысында жалпы 67 жұмыссыз азаматтарға жолдама берілді. Нәтижесі апталық мерзімде белгілі болады.

Жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында ағымдағы жылы 11 бос жұмыс орындары жоспарланды. Қала тұрғындарын ақпараттандыру мақсатында жұмыспен қамту бөлімімен өткізілетін бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің кестесі бекітіліп, Ақтөбе қаласы әкімдігінің akimat_aktobe, жұмыспен қамту бөлімінің ozsp_aktobe инстаграмм сайттарында жарияланды. Жыл басынан 4 кезекті және 5 мамандандырылған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізіліп, нәтижесінде 445 адам жұмысқа орналастырылды.