Ақтөбеде қала әкімі көп балалы аналармен кездесті

Ақтөбеде қала әкімі көп балалы аналармен кездесті
15.05.2019 Мемлекеттік қызметтер

Бүгін, 15-мамырда  Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов Халықтық кеңседе көп балалы, көмекке аса мұқтаж аналармен кездесті.  “Бақытты отбасы” бағдарламасы арқылы көпбалалы,  кемі 3 жылдан бері толық емес және мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар 2 пайыз жеңілдікпен баспаналы бола алады.  Алғашқы жарнаға мұқтаждар үшін ақтөбелік жомарт жандар қомақты қаражат бөліп отыр. Қала басшысы және «Тұрғынүйқұрылыс жинақ банкі» АҚ АОФ қызметкерлері жиналғандарға баспаналы болудың және пәтерлерді алудың тәртібі туралы ақпараттарымен бөлісті, баспаналы болуға қажетті құжаттар ретімен, көп балалы аналар санаттарымен таныстырды.