Ақтөбеде қала әкімі кітапxанаға жеке қорынан кітаптар сыйлады

Ақтөбеде қала әкімі кітапxанаға жеке қорынан кітаптар сыйлады
11.06.2019 Жалпы

Кітап оқу мен кітапханаларды қолдау – қоғам дамуының басты міндеттерінің бірі. Қалалық кітапханалар «Кітапханаға кітап сыйла!» акциясын жыл сайын ұйымдастырады. Дәстүрлі шара 11-маусымда  №1 Абай атындағы  қалалық  кітапханада өткізілді. Оған Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов қатысып, өзінің жеке кітапxана қорынан #1 кітапxанаға кітаптар сыйлады.

Бұл шаралардың мақсаты – тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау және жазба жәдігерлерді сақтаудың өзекті мәселелеріне қоғам назарын аудару. Халықтың рухани байлығын дамытып, кітапхананың кітап қорын жаңа да ескі әдебиеттермен толықтыру, оқырман мен кітапхана арасындағы байланысты нығайту.

Шараға қатысқан Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтары, кітапхана оқырмандары өлең оқып, кітапхана тарихы туралы «Кітапхана-руханият ордасы» атты слайд қарап, кітап көрмесімен танысты кітапханаға кітаптар сыйлады.