АҚТӨБЕДЕ ІРІ САУДА ЖЕЛІСІ МЕРЕКЕЛІК ЖЕҢІЛДІКТЕР ЖАСАДЫ

АҚТӨБЕДЕ ІРІ САУДА ЖЕЛІСІ МЕРЕКЕЛІК ЖЕҢІЛДІКТЕР ЖАСАДЫ
01.12.2019 Жалпы

Қазақстандағы ең үлкен көтерме және бөлшек сауда желісі «Анвар» ЖШС ҚР-ның Тұңғыш Президенті күніне орай Ақтөбеде тағы бір жаңа супермаркетін ашты. Батыс-2 шағын ауданында ашылған сауда орнындағы  негізгі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын қала әкімі Мавр Абдуллин өзі барып көрді. Шаһар басшысы әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің ғана емес, мерекелік дастарқанға арналған өнімдердің бағасын біліп, желтоқсан айы бойы жеңілдікпен  сату туралы ұсынысты «Анвар» ЖШС директоры Бақытжан Қизаевтың есіне салды. Сауда желісінің басшысы өз кезінде мерекелерге орай жеңілдіктер ұйымдастырылып жатқанын мәлімдеді.  

Еске салсақ, осыған дейін «Анвар», «Дина» сауда желілерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 19 аталымына 1 желтоқсаннан 2020 жылдың 15 қаңтарына дейін бағаны тұрақты ұстау туралы келісілген болатын.  «Анвар» желісінде бірінші сұрыпты 1 кг ұнның бағасы 135-тен 116 теңгеге дейін, макарон өнімдері 205-тен 175 теңгеге дейін, «Аққұстың» тауығын 865-тен 725 теңгеге дейін арзандады. Сонымен қатар, сауда желілері барлығы 1000-нан астам азық-түлік тауарларына жеңілдіктер мен акциялар қолданды.