Ақтөбеде ерекше балаларға қамқорлық көрсетілді

Ақтөбеде ерекше балаларға қамқорлық көрсетілді
18.11.2019 Білім

Дамуында ерекше қажеттіліктерді талап ететін балалар ерекше қамқорлыққа мұқтаж. Бүгін, 2019 жылғы 18-қарашада «№19 орта мектебі» КММ-де «Дамуында ерекше қажеттіліктерді талап ететін оқушылардың» тасымалдануы үшін автобус бөлінді.

Бұл іс-шараны «Халықаралық ғылымдар, экология, инженерия және педагогика академиясы» қоғамдық қорының төрағасы  Т.М.Туремуратов ұйымдастырды. Айта кету керек, биылғы Ұстаздар күніне арналған салтанатты жиында ол №19-орта мектептегі дамуында ерекше қажеттіліктерді талап ететін оқушыларды тасымалдау үшін алынған автобустың сертификатын тапсырған болатын.

Бүгінгі шараға Ақтөбе қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Ж.Шалабаева, мектеп директоры Р.Аманбаева және оқушылардың ата-аналары  қатысып, ерекше ілтипаттарын білдірді.