Ақтөбеде «Ең үздік әке» қалалық байқауы өтті

Ақтөбеде «Ең үздік әке» қалалық байқауы өтті
25.01.2018 Қоғам

Бүгін, № 64 жалпы білім беретін орта мектеп базасында Қалалық білім бөліміне қарасты Қалалық ғылыми-әдістемелік Орталығы мен Қалалық жастар ресурстық орталығы Ақтөбе қаласы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық саясат жөніндегі комиссиясының қолдауымен «Әке беделі – ұлт абыройы» атты облыстық форум қарсаңында «Алты батпан ауырды арқалаған күштімін, жеті батпан ауырды желкелеген күштімін»атты«Ең үздік әке»қалалық байқауын ұйымдастырды.

 

1

 

«Әке беделі – ұлт абыройы» атты облыстық форум қарсаңында Қалалық іс-шаралар жоспары бойынша өткізілген қалалық «Менің әкеммен өткізген қызықты сәттерім»атты қалалық фотосуреттер және «Менің әкем» қалалық бала көзімен әкесін бейнелеу сурет байқауларының жеңімпаздарын Ақтөбе қаласының әкімі І.Испановтың грамоталарымен марапаттады.

Мақсаты: Әкелердің бала тәрбиесіндегі рөлін нығайта отырып, өнерлерімен танысу, отбасы ынтымақтастығын дамыту арқылы мектеп пен ата-ананың байланысын халықтық педагогиканы насихаттауға бағыттау.

Бүгінгі сайысқа жалпы білім беретін мектептерден талап білдірген 8 әке қатысуда. 

Әділ сараптамашылар қатарынан Қалалық ғылыми-әдістемелік орталық директоры Жания Жарылғапқызы Мұхамбетованы,«Ана үйі» дағдарыс орталығының үйлестірушісі Лакова Таңсұлу Зағипқызын, Қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Жандос Махмутұлы Табылғановты,  №40 орта мектеп қамқоршылық кеңес мүшесі Баймағамбетов Сақыпкерей Әбілшінұлын көруге болады.

 

1

 

1

 

Сайыс таныстыру бөлімінен басталды. Әр сайыскер 2 мин ішінде өзін белгілі бір мықты затқа теңеп, себебін түсіндіруінің креативтілігі бағаланса, келесі бөлімде әр әке өз баласымен сабақ оқыту барысындағы жағдайдан диалогтік көрініс ұсынды,гір көтеру, білектесу түрлеріненспорттық кезеңнен өтіп, және де шығармашылық кезеңде әр сайыскер бойындағы өнердің бір түрін орындап беруі қажет болды. Бүгінгі сайыстағы ерекшелік «Суретші болып тумадым, Суретші қылды ұлдарым...» тақырыбында ұсынылған  натюрморттың суретін салу үйлестірілді.

Сайыс нәтижесінде жеңімпаздар марапатталып, Қалалық жастар ресурстық орталығының сыйлықтарын иеленді.