Ақтөбеде екі мектептің үш ауысымдық мәселесі шешілді

Ақтөбеде екі мектептің үш ауысымдық мәселесі шешілді
10.10.2019 Білім

Сәрсенбі, 9 қазан күні шаһар басшысы Мавр Абдуллин екі мектепке жапсарлас салынған ғимараттың сапасын бақылады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Құрылыс жұмыстарымен айналысқан «РусТал» ЖШС өкілдері қала басшылығына екі ғимаратты таныстырды. Біріншісі 21 мектеп-гимназиясы, екіншісі 27 мектеп-лицейіне жапсарлас салынған. Соның арқасында мектептердегі үш ауысымдық мәселесі шешілді.

«Мәселен, осыған дейін әр класта 38-40 баладан отырды. Қазір әр класта 25-30 оқушы білім алатын болды. Әр жапсарлас орналасқан ғимаратта бір ауысымда 200 бала оқи алады», - деді қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Жұлдыз Шалабаева.

Шаһар басшысы Мавр Абдуллин жаңа ғимаратқа көшкен оқушылармен тілдесіп, оларға білім ордасын ұқыпты күтіп-ұстау керектігін жеткізді.