Ақтөбеде дәстүрлі жартылай марафоны өтеді

Ақтөбеде  дәстүрлі жартылай марафоны өтеді
15.05.2018 Мәдениет және спорт

Үстіміздегі жылдың 27 мамырында дәстүрлі CNPC-Ақтөбе жартылай марафоны өтеді. Аталған іс-шараның мақсаты қала тұрғындары арасында бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады.

Жарыс бағдарламасында:
3 км - бұқаралық жүгіру; 
10 км – 14-35 жас, 36-49 жас,50 жас және одан жоғары, ерлер және әйелдер; 
21 км – 18-35 жас, 36-49 жас,50 жас және одан жоғары, ерлер және әйелдер; 

Марафонға алдын-ала тіркелу «Керуен Сити» ОСО, «Worldclass» ФК және «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-де жүргізіледі.

Марафонға тіркелу 11 – 25 мамыр аралығында өтеді.