Ақтөбеде Бөкенбай батырға арналған конференция өткізілді

Ақтөбеде Бөкенбай батырға арналған конференция өткізілді
15.06.2019 Жалпы

2019 жылғы 15 маусымда Ақтөбенің мәдени өмірінде ерекше оқиға өтті. Ол - елін, жерін қорғаған аңыз-батыр Бөкенбай Қарабатырұлына алып ескерткіштің ашылуы. Халықтың руxын көтеретін, тариxына тағзым ететін оқиға «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған мақсаттарды айқындай түседі. Айта кету керек, Ақтөбе қаласында даңқты қолбасшы, айбынды саясаткер Бөкенбай Қарабатырұлына арналған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Бүгін сондай-ақ Ақтөбе қаласының Шығармашылық академиясында Бөкенбай батырға арналған салтанатты жиналыс өткізілді. Жиында профессор, тарих ғылымының кандидаты, «Рыцарь звания чести. Казахский батыр Бокенбай Карабатырұлы» кітабының авторы – Ирина Ерофеева; профессор, тарих ғылымының докторы, Бөкенбай батырдың өмірі мен ерлігін зерттеуші ғалым – Зәкіратдин Байдосов; мемлекет және қоғам қайраткері – Нәжмадин Мусабаев; “Ақтөбе облысының Құрметті азаматы» - Мәлік Жекеевтің т.б. Бөкенбай Қарабатырұлының өмірі мен ерлігі туралы баяндамалары тыңдалды. Сондай-ақ, Бөкенбай Қарабатырұлына арналған «Мир» телерадиокомпаниясы түсірген деректі кинофильмінің тұсаукесері болды.