Ақтөбеде Бөкенбай батырдың ескерткіші ашылды

Ақтөбеде Бөкенбай батырдың  ескерткіші ашылды
15.06.2019 Жалпы

2019 жылғы 15-маусымда Ақтөбе қаласының  150 жылдығына орай,  Бөкенбай Қарабатырұлының ескерткіші ашылды. Ескерткіштің ашылу салтанатына  Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов қатысты. "Батыр бабамыз өмір сүрген XVIII ғасырдың басы қазақ халқының тағдырына сын болған, елдікті таразыға салған ауыр кезеңдер болды.Сондай сын сағатта Бөкенбай Қарабатырұлының жер қайысқан қалың қол жинап, жоңғарлардан елімізді қорғауға аттануы — оның болмысы бөлек тұлға, елін сүйген ер, екендігін білдіреді",- деп атап өтті өңір басшысы. Жиынға сондай-ақ, белгілі жазушы, кинодраматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Смағұл Елубай, мемлекет және қоғам қайраткерлері, батыр ұрпақтары,зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері қатысты. Биіктігі  6,0 метрді құрайтын монумент батырдың атындағы көшеде орнатылған. Ескерткіштің мүсіншісі – қаламыздағы Әйтеке би, Әлия сынды тарихи ескерткіштің авторы Жеңіс Жұбанқосов.