Ақтөбеде белгілі дәрігерге мемориалдық тақта қойылды
05.01.2021 Жалпы

Ізбасқан Аймағамбетов - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, ҚР Жоғары Кеңесінің 2-шақырылым депутаты, Ақтөбе қаласының Құрметті азаматы, қоғам қайраткері. Ол 2019 жылдың наурызында 79 жасында дүниеден өтті. Өмірінің 50 жылдан астам уақытын денсаулық сақтау саласына арнады. Медициналық институттан кейін ол 3 жыл хирург болып Атырау облысында жұмыс істеді, 1968 жылдан бері Ақтөбеде еңбек етті. Облыстық балалар ауруханасын, кейін жедел жәрдем ауруханасын басқарды. 
Бүгін Жедел жәрдем ауруханасының алдына мемориалды тақтаның ашылуына қала басшылығы, ардагер дәрігерлер, қоғамдық ұйымдар, БАҚ өкілдері жиналды. Ізбасқан Аймағамбетовтің әріптестері, достары ол туралы жарқын естеліктерімен бөлісті, оның еңбек жолы кейінгі буынға үлгі ретінде қала тарихында елеулі орын алатынын айтты.