Ақтөбеде барлық құрылыс компаниясы өкілдерінің қатысуымен көшпелі мәжіліс өткізілді

Ақтөбеде барлық құрылыс компаниясы өкілдерінің қатысуымен көшпелі мәжіліс өткізілді
14.04.2019 Мемлекеттік басқарма

Ақтөбеде барлык кұрылыс компанияларының қатысуымен облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен мәжіліс өткізілді. Облыс басшысы Ақтөбе қаласы  Батыс шағын ауданының бүгінгі күнгі жай-күйімен танысып, ауданның дамуы бойынша қала әкімі Ілияс Испановтың баяндамасын тындады. Көшпелі мәжілісте облыс басшысы проблемалық мәселелерді талқылап, биылғы жылғы жоспарға сәйкес, пайдалануға  берілетін тұрғын үйлердің уақытында бітуін қамтамасыз етуді  тапсырды. Бүгінгі таңда Батыс шағын ауданында 32 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, 312 мың шаршы метр немесе 3000 пәтерді пайдалануға  беру жоспарланып отыр. Коммуникациялық инженерлік желілердің және тұрғын үй пайдалануға берілгеннен кейін тұрғындарды жолмен қамтамасыз ету, яғни тұрғындардың жүріп-тұруына  қолайлы жағдай жасау мәселесі жайында нақты тапсырмалар берілді. Сондай-ақ құрылыс компанияларына  әкімдікпен бірлесе отырып кұрылысты  тоқтатпау туралы тапсырмалар берілді.