Ақтөбеде азаматтарды қабылдау өткізілді

Ақтөбеде азаматтарды қабылдау өткізілді
09.09.2019 Жалпы

Бүгін, 2019 жылғы 9-қыркүйекте Ақтөбе қаласындағы азаматтарды қабылдау мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері  бойынша өткізілді. Аталған шараны ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мен Ақтөбе қаласының әкімдігі ұйымдастырды.

Қабылдау барысында тұрғындар мемлекеттік қызмет көрсетудің ең үлкен сұранысқа ие салалары, атап айтқанда: жер қатынастары, сәулет, білім, әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту, тұрғын үй қатынастары, сонымен бірге «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалдары өкілдері, Ақтөбе қаласы мемлекеттік кірістер басқармасы өкілдерінен қажетті консультативтік-әдістемелік көмек алды.

Сонымен қатар, аталған шараны өткізу барысында қызмет берушілермен қызметтерді алу процедуралары жөнінде түрлі ақпараттық жадынамаларды, брошюраларды, буклеттерді және кіші баннерларға қажетті ақпараттарды орналастыру арқылы өз қызметтерін ұсынылды. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері келушілерге электрондық цифрлық қолтаңба көмегімен мемлекеттік қызметтерді кез келген уақытта компьютер, планшет, мобильді құрылғылар арқылы қалай алуға болатындығын түсіндірді.