Ақтөбеде ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғау жалғасады

Ақтөбеде ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғау жалғасады
20.04.2019 Мемлекеттік басқарма

Ақтөбе  облысының әкімінің тапсырмасы бойынша қалада жетім  және  ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау бойынша кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда. 

Мақсаты – жетім балаларға әлеуметтік – патронаттық қолдау қөрсету, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ   ашық шоттарына ақша жинау.

Ақтөбе қаласының әкімдігі де осы балаларға қолдау көрсетуге  белсенді түрде  ат салысуда. Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтан бастап, бөлім басшылары мен олардың орынбасарларына, қалалық мәслихат депутаттарына, ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындарға жетім балалар бекітілді. Олар «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да ашылған балалардың жеке шоттарына ай сайын жалақы есебінен қаражат салып отырады.
20 сәуірде қалалық әкімдікте облыс әкімі О. Оразалиннің жетім балалар мен олардың демеушілерімен кездесу өткізілді. Балаларға тұрғын үй кілттері және түрлі сомадағы ақшалай сертификаттар табыс етілді. Олар пәтер кілтін жәнк сертификатты облыс, қала басшылары, СНПС “Ақтөбемұнайгаз” АҚ басшысы, облыс және қалалық мәслиxат xатшыларының қолдарынан алды.