Ақтөбеде ашық есік күндері төрт жерде өткізілуде

Ақтөбеде ашық есік күндері төрт жерде өткізілуде
11.02.2019 Мемлекеттік қызметтер

Құрметті ақтөбеліктер!

Мемлекеттік органдардың тұрғындармен байланысын нығайту мақсатында Ақтөбе облысының әкімдігі «Ашық есік күндері» кең көлемді акциясын өткізуде.

11-13 ақпан күндері аралығында Ақтөбе қаласында азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдау жүргізіліп жатыр. Осыған орай өзіңізді толғандырып жүрген сұрақтарға жауап ала аласыз.

Қабылдауды Ақтөбе қаласы әкімдігінің, облыстық басқармалар мен құқық қорғау органдарының, коммуналдық мекемелердің («Трансэнерго» АҚ, «Энергосистема» ЖШС, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ, «Ақбұлақ» АҚ) басшылары мен мамандары төмендегідей мекенжайлар бойынша жүргізуде:

1).Сәңкібай батыр даңғылы, 249, «Халықтық кеңсе»;

2).Т.Ахтанов көшесі, 52, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры;

3).Сәңкібай батыр даңғылы, 145 «б», «Астана»ауданының әкімдігі ғимараты;

4).Қарғалы тұрғынжайы, Октябрьдің 60 жылдығы көшесі, 70 «б», Алматы ауданының әкімдігі.

Қабылдау уақыты сағат 10.00-18.00 аралығында.