Ақтөбеде Астана Күні кеңінен атап өтілді

Ақтөбеде Астана Күні кеңінен атап өтілді
09.07.2018 Жалпы

Астананың 20-жылдығын мерекелеу аясында Ақтөбеде дәстүрлі түрде  бірқатар жаңа өндіріс және әлеуметтік нысандар іске қосылып, көптеген мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралар өтті.

6 шілде күні қала орталығында орналасқан Аквапарк кешені ашылды, көлемі 3 гетар.  Жобаға салынған  инвестицияның жалпы көлемі шамамен 5,8 миллиард теңгені құрады. Жаңа жұмыс орындарымен 150 адам қамтамасыз етілді.

Демалушыларды кешеннің ашық бөлігінде қабылдады, ал жабық бөлігінде құрылыс жұмыстары жалғасуда. Жұмыс толықтай  келесі жылы аяқталатын болады. Осыдан кейін қала тұрғындары мен қонақтар жыл бойы су аттракциондарын қолдануға  мүмкіндік  алады.

Сондай-ақ, Ақтөбеде астанамыздың мерейтойына байланысты " Астана" атты балмұздақ шығарылды. Эксклюзивті партиясын "Айс плюс" ЖШС жаңа цехы шығарды, оның ашылуы жұма күні, 6 шілдеде өтті. 

Технологтардың айтуынша "Астана" балмұздағының құрамына карамель мен қытырлақ ирис кіреді. Италия өндірістік желісін іске қосу тәулігіне 20 тоннаға дейін тәтті тағамдар шығаруға мүмкіндік береді. 40 атаулары бар балмұздақ ассортименті ұсынылды. Жобаның құны – 1,1 млрд теңге, олардың ішінен 935 млн теңге "Даму Өндіріс" мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген.

8 шілде күні «Yurta park» отбасылық демалыс саябағы алғашқы келушілерді қарсы алды.

Сонымен қатар басқа да өндірістік және әлеуметтік нысандар ашылды.

6 және 7 шілдеде Ақтөбеде Елорда Күніне орай түрлі мәдени бағдарламалар ұйымдастырылды. 

6 шілде күні ҚР Тұңғыш Президенті атындағы демалыс саябағының сахнасында «Астана – махаббатым менің» атты концерт және мюзикл қойылды, жүздеген ақтөбеліктер мерекелік отшашуды тамашалады. 7 шілде күні Батыс-2 ауданындағы  Шығармашылық академиясы алаңында,                    А.С. Пушкин атындағы саябақта және "Ретро" саябағында мерекелік бағдарламалар өтті. 

Сол күні Ақтөбеде Шалқар ауданының күндері өтті, оның ішінде "Табыс"коммуналдық базарында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып,  ҚР Тұңғыш Президенті атындағы демалыс саябағында Шалқар ауданының өнерпаздары мерекелік бағдарламасын ұсынды.