Ақтөбеде аналармен руxани-танымдық шара өткізілді

Ақтөбеде аналармен руxани-танымдық шара өткізілді
19.04.2019 Жалпы

19 сәуірде «Анаға тағзым» рухани – адамгершілік тәрбие беру орталығында Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары А.Арынғазиевның, тарихшы А.Жантикеновтың, тарих ғылымының докторлары, профессорлар Г.Ізбасарованың, Т.Жұмағамбетовтың және ақындарымыз К.Усина және Г.Қуанышеваның қатысуымен Ел Тәуелсіздігі үшін қол бастаған батыр қыз - Бопай - ханша Қасымқызының құрметіне арналған «Қазақ хандығы тұсындағы батыр - ханшайымдар» конференциясы өтті.

Аталған шара Ақтөбе қаласының 150 жылдығы, Алтын Орданың 750 жылдығы қарсаңында, сонымен қатар Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына сәйкес өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында өткізілді.

Конференция корытындысында Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары А.Арынғазиева мен тарихшы А.Жантикенов қатысушылар мен өңіріміздін дамуына әр салада белсени үлес қосқан «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлерін көпбалалы аналарды марапаттау рәсімін өткізді.