Ақтөбеде «Алматы» көтерме базары ашылды

Ақтөбеде «Алматы» көтерме базары ашылды
17.11.2018 Экономика және кәсіпкерлік

17 қарашада Ақтөбе қаласында «Алматы» көтерме базары салтанатты түрде ашылды. Оған Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев, қала әкімі І.Испанов қатысты. 

Көтерме базардың ашылуына орай ауылшаруашылық өнімдері, ет өндірісінің кәсіпорындары, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылық иелері қатысты. Тұтынушыларға көкөніс, ет, балық, сүт, бал өнімдері тиімді бағамен ұсынылды. Базардың салтанатты ашылу рәсіміне келген қонақтарға дәмді палау, ыстық бауырсақ таратылды.