Ақтөбеде адамдарды құтқарған ержүрек жастар марапатталды

Ақтөбеде адамдарды құтқарған ержүрек жастар марапатталды
24.06.2019 Жалпы

2019 жылғы 24-маусымда  Ақтөбе қаласының әкімдігінде Ақтөбе қаласы  Жастар ресурстық орталығының басшысы Ж.Табылғанов жуырда қаламызда орын алған ерекше оқиға - суға түсемін деп абайсызда суға бата жаздаған жандарды құтқарған Даулетов Азамат және Балмағамбетов Арман есімді қаламыздың​ ержүрек жастарын басқаларға үлгі тұтып, арнайы Алғыс xатпен марапаттады.

“23-маусымда өңірдің әлеуметтік желілерінде қызу талқыланып, қала тұрғындарынан оң баға алған  бұл оқиғадан соң орталық ойланбастан осындай  батыл, ержүрек жастарды үлгі түту мақсатында марапаттауға ұсынуды жөн деп шештік»,- дейді қалалық жастар ресурстық орталығының маманы А.Мусаева.