Ақтөбеде 30 желтоқсан күні «Үздік Аяз Ата мен Ақша қар» атты қалалық байқауы өтеді

Ақтөбеде  30 желтоқсан күні «Үздік Аяз Ата мен Ақша қар» атты қалалық байқауы  өтеді
25.12.2017 Қоғам

 Ақтөбе қаласы әкімдігінің қолдауымен «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ «Үздік Аяз Ата мен Ақша қар» атты қалалық байқауын ұйымдастырады.
 Байқау 30 желтоқсан күні, сағат 11.00-де және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 31 желтоқсан күні, сағат 22.00-де Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев атындағы мәдениет және демалыс саябағында өтеді. 
 

Байқаудың мақсаты:

 

  • Тұрғындарға мерекелік көңіл- күй сыйлау, Аяз ата мен Ақшақардың киімдеріне назар аударту, эстетикалық талғаммен карнавалдық киімдерді таңдауды қалыптастыру;
  • Көрермендерге көңілді ойындар ұйымдастыру;
  • Сәнді киінген Аяз ата мен Ақшақар арқылы тұрғындарға шаттық сыйлау

Байқаудың шарттары мен талаптары:

  • Байқауға кез – келген жастағы Аяз Ата мен Ақшақар және жаңа жылдық киімін киген кейіпкерлер өтініш беру арқылы қатыса алады.(міндетті түрде топтын атауы болу керек);
  • Флешмоб биін орындау;
  • Қаламыздың сауда орталық алаңдарына шеру жасау;
  • Аяз ата мен Ақшақардың киімдерінің ерекше сәнді болуы шарт (Дефиле)
  • Аяз Ата мен Ақшақар қызықты, қайталанбас мерекелік таныстыру және құттықтау лебіз ұсынуы керек.(1 мин);
  • Еркін тақырыпта театрландырылған койылым (5-6 адамнан құрылу керек)
  • (3 мин);

Қазылар алқасы


Байқауға төрелік ететін қазылар алқасы қала әкімінің орынбасарымен бекітіледі.

Бағалау белгісі:
 

  • Қазылар алқасы кейіпкерлердің киіміне, құттықтау тілектің маңыздылығына, сөздік қорға баса назар аударады. 
  • Қазылар алқасы қандай да жүлделі орынды бермеуге, бір жүлделі орынды екі орындаушының арасында бөлуге құқылы.

ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ ШЕШІМІ ТАЛҚЫЛАУҒА ЖАТПАЙДЫ!

Марапаттау рәсімі:

Қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар Бас – жүлде, І, ІІ, ІІІ жүлделі орындар және номинациялар бойынша қала әкімінің дипломымен және ақшалай сыйақымен марапатталады.


Өтініштер 2017 жылдың 26 желтоқсанға дейін төмендегі мекен-жайда қабылданады: 
Ақтөбе қаласы, Ш.Уалиханов көшесі 9 «А», қабат, 6 бөлме. 
Байланыс тел (ф): 8 (7132) 21-43-38, 73-74-90, 87058181483, 87012677453 
bota_dildina86@mail.ru
Іріктеу кезеңі: 27 желтоқсан күні болады.