Ақтөбе Жаңа 2018 жылды қарсы алады

Актобе встречает Новый 2018 год
22.12.2017 Қоғам

Ақтөбеде жаңа жылдық мерекелер бастауын алды. Қаладағы басты шыршаның шамдары жағылып, кәсіпорындар мен ұйымдар, кәсіпкерлікпен және оқу орындарымен орнатылған шыршалар саны күн сайын артып келеді. Көшелер мен даңғылдар жаңа жылдық мерекеге сай безендірілді. Ең белсенді және жігерлі тұрғындар мен балалар мұз айдындарын қазірдің өзінде игеріп жатыр. Ақтөбеде жаңа жылдық іс-шаралар басталуда, бұл шараны балалар мен ересектерде күтуде. 

Осылайша, Жаңа жыл қарсаңында жаңа жылдық ертеңгіліктер, мерекелік бағдарламалар, концерттер, көрмелер, қойылымдар мен ертегілер жалпы білім беру мектептері, мектепке дейінгі ұйымдарында, шығармашылық Академиясында, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында, қалалық көркемсурет лицейінде, облыстық планетарийде, «Алақай» қуыршақ театрында, «Геолог», «Сазды», «Қурайлы» мәдениет үйлерінде өтеді. 

«Екі езу» сатира театрының «Құтты болсын» атты жаңа жылдық концерттік бағдарламасы 23 желтоқсан күні Өнер орталығында өтеді. 

23-24 желтоқсан күндері облыстық өнер музейі ақтөбеліктерді «Рождественские подарки» атты қаламыздың шеберлерінің көрме жәрмеңкесіне шақырады. 
Ақтөбеде аз қамтылған отбасы балаларына, жетім және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қала әкімінің шыршалары өтеді. 

«Қамқорлық» акциясы аясында әлеуметтік көмек Орталығында тіркелген жалғызбасты қарт адамдарды құттықтау, сыйлық тарту ұйымдастырылады. 30 желтоқсан күні Сәңкібай батыр даңғылында орналасқан «Ақтөбе қаласының Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ-де «Жаңа 2018 жыл» мерекесіне орай Аяз-ата мен Ақшақардың қатысуымен жас жұбайларға салтанатты неке қию шарасы өтеді. 

31 желтоқсан күні сағат 11.00-де ҚР Тұңғыш Президент атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында «Үздік Аяз Ата мен Ақшақар» атты қалалық байқауы ұйымдастырылады. 

«Қош келдің, Жаңа жыл» атты театрландырылған көрініс, қала әкімінің тұрғындарды құттықтауы, мерекелік шоу бағдарлама, жаңа жылдық түнгі би кеші, мерекелік от шашу дәстүр бойынша ҚР Тұңғыш Президент атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында 31 желтоқсан күні сағат 20.00-ден бастап 1 қаңтар сағат 02.00-ге дейін өтеді.

Сонымен қатар, бұл күні көптеген спорттық іс-шаралар өткізіледі. Спорт сүйер қауым 23-24 желтоқан күндері БЖСМ №2 қала мектебінде өтетін 11-12, 13-14 жастағы балалар арасындағы қоян-қолтық ұрыс бойынша мектептің ашық біріншілігін, 24 желтоқсан күні БЖСМ №1 қала мектебіндегі 8 жасқа дейінгі және 8-11 жастағы балалар арасындағы шахматтан мектеп біріншілігін тамашалай алады.

23-24 желтоқсанда Хоккей модулінде әуесқой командалар арасындағы шайбалы хоккейден жаңа жылдық турнир ұйымдастырылса, 29 желтоқсан күні мәнерлеп сырғанаудан жаңа жылдық көрсетілім өтеді.

Мерекелік іс-шаралардың толық тізбесімен танысуды ұсынамыз. Жаңа 2018 жылды мерекелеуге дайындық және өткізу бойынша шаралар Жоспары (Жүктеу)