Ақтөбе облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен өтетін «Жаз-2019» жәрмеңкесіне шақырамыз!!!

Ақтөбе облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен өтетін «Жаз-2019» жәрмеңкесіне шақырамыз!!!
19.05.2019 Білім

Көптен күткен жаз айлары қарсаңында әр ата-ана балалардың жазғы демалыс кезінде жәй демалыс қана емес, сонымен қатар қызықты және пайдалы өткізу үшін қандай лагерлерге жіберу керектігі туралы ойланады. Балалар демалысы индустриясы белсенді дамып келеді, бүгінгі таңда балаларға арналған демалыс орнын қолжетімді бағамен оңай және тез таңдауға болады және де балалар қызығушылықты бойынша үйірмелер мен балаларды сауықтыру лагерлері туралы ақпаратты тек қана Ақтөбе облысы бойынша емес, сондай-ақ республиканың басқа да өңірлерінен қайдан табуға болады? Бала үшін лагерьді қалай және қайда таңдауға болады? деген сұрақтарға жауапты ағымдағы жылдың 26 мамырында Ақтөбе облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен өтетін ата-аналар мен балаларға арналған "Жаз-2019" жәрмеңкесінен біле аласыздар.

Жәрмеңке қонақтарын мерекелік бағдарлама: түрлі концерттер, би және қуыршақ шоуы күтеді.

Өткізу уақыты: 26 мамыр, 2019 ж.

Өткізілетін жері: Тұңғыш Президент Паркі. Басталу уақыты: сағат 10.00-де